Ата Заң – алтын тұғырымыз

Ағымдағы жылдың 30-тамызында ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3-курс курсанттары Конституция күніне орай «Конституция – фундамент государственности» атты документалдық фильмін тамашалады.

Қазақстан Республикасының Конституциясына 26 жыл толды. Мемлекеттің басты құжаты 1995 жылы 30 тамызда жалпы референдумда қабылданды. Тәуелсіздік, бостандықтың пен бірліктің символы – негізгі Заң, ең бастысы, халықтың еркін анықтайды.
Фильмде жалпы Ата Заңымыздың тарихы зерделенеді. Конституцияның қазіргі нұсқасын қабылдау үшін көптеген шет елдердің тәжірибесі зерттеліп, мемлекеттегі құжаттарды қалыптастыру принциптері негізге алынды атап айтқанда, билік тармақтарын бөлу және демократия принциптері.
Курсанттар бұл документалдық фильмді қызығушылықпен тамашалап, соңында фильмге қатысты сұрақтар талқыланды.

3-курс курсанты
полиция қатарындағы
А.Сайлау