Асық — қазақтың қазынасы

Асық ойыны — қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Асық ойнап өскен адам мерген, өзгелерден ептілеу, зерек, табандырақ, шыдамды болып келеді.Асық сойылған қойдың, арқардың, ешкінің, киіктің асықты жілігінен алынады.
Мамыр айының 7-ші жұлдызында 1 курс жеке құрамының ұлдары арасында мерекеге орай қазақтың ұлттық ойыны асық ойынынан сайыс өткізілді. Сайысты өткізу мақсаты:қазақтың байырғы ойынын дәріптеу,жас ұрпақтың бойына сіңіру және жалғастыру. Асық ойыны екі кезеңді қамтыды. Біріншісі мергендік — шеңбер жасау арқылы өтсе екіншісі маңай турімен іске асырылды. Курсанттармен бірге курс басшылығыда ойынға қатысты. Нәтиже бойынша курс басшылығы және курсанттар дәрежелі үш орынға ие болды.
Олар:
1 орын — курс басшылығы;
2 орын — полиция кіші сержанты Еркинулу Руслан;
3 орын — полиция кіші сержанты Джумамуратов Нұртай.
Курсанттар алған мадақтарына байланысты 8 сағаттық сейілдемемен марапатталды.

1 курс курсанты
полиция қатарындағы
А. Бакбаева