«Астарлы әңгіменің тереңдігі»

Қазіргі уақытта ІІО қызметкерлерінің психологиялық даярлығына аса назар аударылуда. Тіпті кәсіби дайындығы өте жақсы қызметкердің психикалық тұрғыдан — моральдық, эмоционалдық, еріктік тұрақтылығы, іс-әрекетке дайындығы әлсіз дамыған болса өз жұмысын тиімді атқара алмайды. Сондықтан қызметкерлердің кәсіби дамуында заң, физикалық және жауынгерлік сияқты психологиялық дайындығы маңызды орын алады.
Академияның алғашқы кәсіби даярлық тобының 7 взвод тыңдаушыларымен Психолог мамандарын даярлау және әлеуметтік зерттеу жүргізу бойынша орталығының аға оқытушы-әдіскері, полиция майоры А.Б. Досмаилова «Астарлы әңгіменің негізі» тақырыбында тренинг өткізді.
Тренингтің мақсаты — болашақ қызметкерлердің психологиялық құзыреттілігін арттыру, өзін-өзі бағалау, қандай кедергі болса да құламау, оларға нақты психологиялық мәселелерді шешуге көмектесу, тиімді жұмыс істеу үшін психологиялық маңызды қасиеттерге үйрету.
Тренинг барысында тыңдаушылар берілген астарлы әңгімелерді талқылау арқылы кез-келген жағдайда дұрыс шешім қабылдауды, өздерінің эмоцияларын басқаруды, өздеріне және қоғамға пайдалы істер жасауға үйренді.

А. Мұрат
7 взвод кураторы