Арнайы бастапқы оқыту курсының тағылымдамашыларын Қостанай облысы ПД жедел басқару орталығымен таныстыру

Әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасының қызметкерлері арнайы бастапқы оқыту курсының тағылымдамашыларымен Қостанай облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына тәжірибе жинақтау үшін  барды. Тағылымдамашылар жедел басқару орталығында өздеріне қажетті ақпараттарды алып, қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды. Күніне орталыққа келіп түсетін әкімшілік құқық бұзушылықтардың түрлерімен олардың санымен, ол жерде қызмет атқаратын жеке құраммен, сонымен қатар күнделікті жұмыстарымен танысты.
Қостанай облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының қызметкерлерімен өткізілген таныстыру дәрісі қызықты өтті.  ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының тағылымдамашылары Академия қабырғасында жан-жақты жетіліп, одан әрі өздерінің білімдерін шыңдауда.

ӘҚ және ӘҚ
кафедрасының аға оқытушысы
полиция майоры
Д.Қалқаманұлы