Арнайы бастапқы оқыту курстарының тағылымдамашыларына кәсіби бағдарлау іс-шарасы

Ежелгі грек философы Сократ «Мен ештеңені білмейтінімді білемін» деген екен. Сондықтан да Адам баласына оқып білім алу, біліктілігін жоғарылату ешқашанда артық болмайды. «Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті», — деп бірінші ұстаз Аристотель айтқандай, білім мен өнер сіздің болашағыңыздың жарқын болуына бірден-бір кепіл. Осы тұрғыда магистратураның қызметкерлері  арнайы бастапқы оқыту курстарының тағылымдамашылары болашақта білімдерін жоғарылатуды мақсат етсе, академиямыздың магистратурасы мен доктарантурасына оқуға түсуге шақырды. Іс-шара барысында академияның ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша магистратурасына және доктарантурасына кандидаттарды қабылдау емтихандардың нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылатындығы жайында, сонымен қатар, ғылымның қазіргі қоғамдағы беделі мен маңызы жайлы, магистратура мен доктарантурада білім алудың мәні мен мақсаттары туралы түсіндірілді. Соңында қызығушылық танытып, сұрақ қойған тыңдаушылар да болды. Ештеңе туралы сұрамайтын адам ештеңе үйренбейді, демекші тыңдаушылардың оқу-білімге деген құлшыныстары қойған сұрақтарынан айқын аңғарылып тұрды.
Өз кезегінде тыңдаушылар болашаққа бағдарлау жолындағы көрсетіліп отырған кәсіби көмек үшін алғыстарын білдірді.

 
Магистратура