Армысың, туған жерім, Атамекенім!

Қазақстан халқы үшін тұғырлы мереке — Тәуелсіздік күні еліміздің ең елеулі күні. Сан ғасырлар арман болған егемендік — ата-бабаларымыздың бізге қалдырған баға жетпес сыйы. Еліміз бұл мерекені жылда ерекше сый- құрметпен атап өтеді.
2020 жылдың 18 қарашасы мен 7 желтоқсан аралығында Академияның ауыспалы құрамы арасында «Армысың, туған жерім, Атамекенім!» атты музыкалық онлайн-сайыс өткізілді.
Сайыстың мақсаты: ішкі істер органдары қызметкерлерінің шығармашылық қызметін қолдау және жандандыру, Қазақстан халқының музыкалық мұрасын зерделеу және танымал ету арқылы олардың музыкалық-шығармашылық пәндерге қызығушылығын арттыру, патриоттық тәрбие беру, Қазақстан полициясының оң имиджін нығайту.
Сайыстың қорытындысы бойынша кәсіби даярлық факультетінің
4 курс курсанттары жүлделі орынды иеленді. 1 орынды полиция қатарындағы Ерболат Лашын, 2 орынды полиция қатарындағы Муратбекова Айгерим Бекежановна, 3 орынды полиция кіші сержанты Сыздыкова Дина Азаматовна жеңіп алды.
Біз Академия басшылығының атынан барлық қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғыс айтамыз және келе жатқан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнімен құттықтап, отбасылық бақыт пен амандық тілейміз.

Идеологиялық жұмыс бөлімшесі