Ардгерлер алғыс білдірді!

1 қараша – Ардагерлер күні мерекесіне орай  ІІМ  Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Жедел іздестіру қызметі кафедрасы, Кадр саясаты бөлімі, Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультеті, Тылдық қамтамасыз ету бөлімі, Ғалым хатшы, Кезекші бөлімше, Әскери және арнайы қамтамасыз ету тобы зейнеткер ардагерлер Каргабаева Ботагоз Ашимовна, Ахметов Даулетбай Кушмурзинович және Айсулу Амергалиевна, Федотов Александр Николаевич, Доскеев Ерназар Оспанович, Сагандыков Марат Галиевич, Садыкова Айгуль Казикановна, Калашников Сергей Валентинович, Портянка Любовь Федоровна, Салькеев Жагалбай Каришевич, Ильина Татьяна Александровна, Мусина Альфия Маулетовна  деген кісілердің шаңырағына арнайы барып мерекемен құттықтады.
Кездесу барысында жас ұрпақ пен аға буын өкілдері тәжірибе мен тәрбие турасында әңгіме өрбітті.  Атаулы дата аясында талай жылғы еңбектерін ескеріп, құттықтауларын арнап, сый-сияпат жасаған академия ұжымына ардагерлер қауымы алғыстарын білдіре отыра, еңбектеріне жеміс тіледі.

Ішкі және сыртқы коммуникациялар
бөлімінің инспекторы Қ.Нағашыбай