Ардақты ардагеріміз  70 жасқа толды

Алтын күздің алғашқы күнінде ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ардақты ардагері Жәнібек Құсманұлы Байназаров мерейлі  70 жасқа толды. Құрметті ардагеріміз Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Ақсуат аулының тумасы. Әскери қызметтік борышын өтеп келісімен, 1980 жылдан бастап милиционер лауазымында қызмет атқарады. Қызмет атқару барысында милиционер, кезекші бөлімнің инспекторы, жедел уәкіл, күзет инспекторы және тағы да басқа лауазымдарда бірнеше жылдар бойы қызмет атқарды. Қызмет атқару барысында қызметтік міндеттерін тиянақты орындап, ішкі істер органына алғаш қабылданған үміткерлерге тәлім-тәрбие, жан-жақты бағыт-бағдар беріп, әрдайым ақыл-кеңесімен бөлісіп, әріптестерінің арасында сыйлы болады. Осылайша, қатардағы милиция атағынан бастап, зейнеткерлікке  полиция подполковнигі атағымен шықты.

Аяулы ардагеріміз Академияның қалыптасуына, гүлденуі мен одан әрі дамуына үлкен үлес қосқан. ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы «Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра» — деген мақалды ұстанып, курсанттармен кездесуге  тәжірибесі мол, үлгі тұтар азаматтарды шақырады. Осындай іс-шараларда курсанттарға жеткен жетістігі жайлы,  қызықты да жауапкершілікті талап ететін жұмысындағы  оқиғаларымен бөліседі.

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшылығы, Ардагерлер кеңесінің төрайымы және Кадр саясаты бөлімінің идеологиялық жұмыс бөлімшесінің қызметкерлері 1 қазан-Халықаралық қарттар күнімен және Жәнібек Құсманұлы Байназаровты мерейлі 70 жасқа толуымен құттықтап, зор денсаулық,  баянды бақыт, қажымас-қайрат  тілей келе, мынадай өлең шумақтарын арнап, сыйлық табыс етті.

Құтты болсын 70 жасыңыз,
Сексеннің де сеңгірінен асыңыз.
Қуат алып, денсаулықтың нәрінен,
Жүзіп өтіп жүзге аяқ басыңыз!
Балалардың арасында жүріңіз,
Шаттықтардан айықпасын жүзіңіз!
Тілек еттік шын жүректен бәріміз
Мықты болып ұзақ өмір сүріңіз!

Ардақты ардагеріміз Жәнібек Құсманұлы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшылығына, Ардагерлер кеңесіне және қызметкерлерге шексіз алғысын білдірді.