Ардагермен кездесу кеші

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында күндізгі және сырттай оқыту факультетінің курсанттары жыл сайын оқу ордамыздың ардагерлерімен кездеседі.  Осылайша, ағымдағы жылдың  4 қарашасында  оқу ордамыздың сыйлы қонағы кезекшілік қызметінің аға инспектор – кезекшісі полиция подполковнигі Сапар Апушевич Жумабаев болды.
Сапар Жумабаев курсанттарға ішкі істер органына қалай келгендігін, өмірі жайлы, қызмет атқару кезінде небір қызық та қиын жағдайлары туралы айтты.  Кездесу барысында курсанттардың әртүрлі сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар  Сапар Жумабаев батыр атамыз Бауыржан Момышұлының «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды», деген сөзін келтіріп, курсанттардың берген Анттарына адал, адамгершілігі мол, парасатты, тәртіпсіздіктермен күресетін, халықтың тыныштығын күзететін болашақ тәртіп сақшылары болатындықтарына сенім білдірді.

Кезекшілік қызметі