Ардагерлер ардағым

Үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіру – ықылым заманнан бері бұлжытпай, қаймағын бұзбай сақтап келе жатқан ата дәстүрі, танымы. Сол бір тамаша дәстүр күні бүгінге дейін Академияда өз жалғасын тауып келеді.
ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай қабырғасында ағымдағы жылы қараша айында әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасының оқытушыларымен көп жылдар бойы еңбегі сіңген ардақты ардагері полиция подполковнигі Николай Григорьевич Евдокименкомен кезекті кездесу өтті.
Ардагеріміз өздерінің қызметінен қызықты оқиғалары туралы естеліктерімен бөлісті, кәсіптің ерекшеліктері туралы айтты. Іс-шара соңында ардагеріміз ұжымға зор денсаулық, жұмыста табыс, биік мақсаттарға жетуімізге тілектестік білдірді!

Әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет
кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны
А.Әбдәлі