Ардагерлерге ризашылығын білдірді

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшылығы атынан  Ардагерлер кеңесінің төрайымы Б.Б. Мукажанова, кадр саясаты бөлімінің бастығы, әрі идеологиялық жұмыс бөлімшесінің бастығы полиция майоры Т.Г. Баймаганов Ұлы Жеңістің 75 жылдығы мерекесі қарсаңында Академия ардагерлерінің үйіне барып, сый құрмет көрсетіп құттықтады.
Құрметті ардагерлерге Михаил Журавлёвтің Ұлы Жеңістің 75 жылдығына  арналған «Услышать можно шёпот звёзд…..»  атты кітабы тарту етілді.
ЖуравлёвҚостанай облысының тумасы, Ұлы Отан соғысының ардагері, офицер-артиллерист, барлаушы, сұрапыл соғыс уақытында Берлинге дейін жеткен, соғыста батырлығымен ерлігі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталған қаһарман тұлға.
Академияның ардагерлері,  Ж.К.Байназаров, Е.К.Майканов, А.С.Комамбаев, И.И.Кунц және Е.К.Мукажанов Академия басшылығына және жеке құрамға баға жетпес кітапты сыйға тартып,  жылы лебіздерін білдіргені үшін, өздерінің ризашылықтарын білдірді.

Баспасөз қызметі