Анықтау басқармасы бастығының қатысуымен  дәріс өтті

Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы курсанттардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында білікті қызметкерлерді сабақ барысына қатыстыруды  әрі қарай жалғастыруда.
2021 жылдың 18 наурызында «Ішкі істер органдарының қызметіндегі анықтау» пәні бойынша кәсіби даярлық факультеті 3-курсының 301 және 303 взводтарының сабағы Қостанай облысы Полиция департаменті Анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Сералин Ерлан Азерханұлының қатысуымен өтті.
Тақырыптық жоспарға сәйкес «Хаттамалық түрінде өткізілетін сотқа дейінгі өндіріс, түсінігі және маңызы» тақырыбы бойынша Ерлан Азерханұлы курсанттарға хаттамалық нысанның жалпы  түсінігін, мәні мен маңызын, басқа нысандардан ерекшеліктерін түсіндірді. Сонымен қатар, анықтау органының өкілі ретінде оқиға бойынша барлық тергеу әрекеттерін жасау қажет болатынын, әсіресе  жауап алу, беттестіру, оқиға орнын қарап-тексеру және т.б. әрекеттері күнделікті қызметте жасалатынын айта келе, сабақ уақытында тапсырмаларды сапалы орындап, құжаттарды дайындап үйренуге кеңес берді.
Аталған сабақты  қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушылары полиция майоры Ж.К. Нұрмағанбетова мен полиция капитаны Г.А.Кужарова бірлесіп өткізді.

Қылмыстық процесс және криминалистика
кафедрасының оқытушысы
полиция майоры
Нұрмаганбетова Ж.