«Анамның қолдары» ертегі терапиясы

Мұғалім, қыркүйек айының үшінші жексенбісі «Аналар күні» қарсаңында үйге ана туралы шығарма жазуға тапсырма берген еді.
Екі күннен кейін үй тапсырмасын балаларға оқытқан. Кезек сыныптағы бір оқушыға келді. Ол шығармасын былай бастады:
«Анамның қолдары… Анам қолдарының бірімен тамақ пісіреді. Бірісімен бізге ертегі оқиды. Келесісімен әкемнің киімін үтіктейді. Келесі қолымен оқуға кетпей тұрып шашымды өреді. Келесі қолымен…
Мұғалім күліп:
— Сонда қалай? Келесісімен, келесісімен… Сенің анаң қырықаяқпа? Соншама қол адамда бола ма?
Бұл бос сөз бе? – дейді.
Барлығы күле бастайды. Оқушы болса былай жауап береді.
— Жоқ, бұл бос сөз емес. Екі қолы әкем үшін… Жеті баласы бар. Әр қайсысы үшін есептеңіз он төрт болады. Ас үй, қора, бақша үшінде екі қолдан алты қол болады. Кедейлергекөмек үшін де қол қосыңыз. Тура жиырма төрт. Анамның тура жиырма төрт қолы бар, құрметті ұстазым,- дейді.
Бәрі күлгендері үшін қатты ұялды.
Ұстазымыз қобалжыған дауыспен:
Жазғандарыңның бәрі дұрыс. Ең әдемі үй тапсырмасын сен жаздың. Саған ең жағарғы жұлдызды беремін,- дейді.

Аналарымыздың қолдарын бағалайық.

Академияның барлық қызметкерлерінің аналарын
«Аналар күні» мерекесімен құттықтаймыз!
ПМДжӘЗЖ полиция майоры
Айжан ДОСМАИЛОВА