Алғыс арқалаған еріктілер

«Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының» Қостанай балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы КММ ұжымы мен тәрбиеленушілері ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының еріктілер клубына, орталыққа көрсеткен көмегі үшін алғыстарын білдірді. «Академия» еріктілер клубы орталыққа барып, балаларға ойыншықтар, сыйлықтар үлестіріп, жиһаздарды орналастыруға достық пейілмен қол ұштарын созды.
Еріктілердің арқасында алға қойған міндеттер шешімін тауып, оң нәтижесін берді. Көмек қолын созған еріктілер клубы орталықтың ризашылығына бөленді.

ІСКБ