Алғыс айтамыз!

Біз тыңдаушылар 18 қаңтардан бастап ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында үш айлық даярлық курсында білімімізді шыңдап жатырмыз. Оқытушылырдың бізге деген көзқарасы, білім беру сапасы өте жоғары деңгейде. Санитарлық нормалар талаптарға сай сақталған.  Жататын орынымыз, тамақтануымыз, жалпы қорытындылай келгенде, тыңдаушылырғы ұсынылғын жағдай ұнап жатыр.
Біз тәрбие сағаттарында Қостанай академиясының құрылу тарихы жөнінде қысқа метражды филім көрдік, академиямыздың мұражайымен және де еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атына берілген дәріс залымен де таныстық.
Қостанай академиясының ұжымына біздің адал, білімді, мықты маман болып қалыптасуымыз үшін жасап жатқан еңбектеріне алғысымыз шексіз.
Еліміздің індеттен аман шығуын тілейміз!

7-взвод тыңдаушылары атынан Ардақ Нурпеисова