Алғашқы кәсіптік даярлық тыңдаушыларына арналған экскурсия

Республикамыздың әр облысынан келген алғашқы кәсіптік даярлықтың 6-взвод тыңдаушыларына Академия мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.
Мұражай меңгерушісі Бисұлу Биғазқызы Мұқажанова тыңдаушыларды Академия тарихымен, экспозициялар, әйгілі генерал-лейтенант Шырақбек Қабылбаевтың өмірбаяны және қызмет жолымен таныстырды.
Еліміздің әр аймағынан келген алғашқы кәсіптік даярлық тыңдаушыларының 50 жылдық тарихы бар оқу орнының ақпараттық материалдары мен кең көлемді экспозициялары әрқайсысының үлкен қызығушылығын тудырды. Тыңдаушылар ауқымды және мазмұнды экскурсиядан өздеріне ақпараттар ала білді.

Аманат МҰРАТ
6-взвод кураторы
полиция капитаны