АЛҒАШҚЫ КӘСІПТІК ДАЯРЛЫҚ КУРСЫНЫҢ ТЫҢДАУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ


2020 жылдың 20 қаңтарында ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында алғашқы кәсіптік даярлық курсының тыңдаушыларымен тәртіпті және заңдылықты сақтау қасиеттерін қалыптастыру мақсатында Кадр саясаты бөлімінің бастығы орынбасарының міндетін атқарушы полиция подполковнигі — Р. Аужанов, Ардагерлер кеңесінің төрағасы — Б. Мукажанова және курс басшылығы кездесу өткізді.

Кездесу барысында кадр саясаты бөлімінің бастығы орынбасарының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Р.К. Аужанов болашақ ішкі істер органдарының қызметкерлерінің адамгершілік келбетіне жоғары талаптар қоя отырып, өздерінің қызметтік міндеттеріне саналы түрде үлкен жауаптылықпен қарау, сонымен қатар әскери-қызметтік тәртіпті бұзбау керектігіне әсіресе тыңдаушылардың тәртібіне баса назар аударды.
Ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Б. Мукажанова тыңдаушыларға көп ақыл-кеңестерін айтып, таңдаған болашақ қызметінің қауіпті екенін айтып өтті. Олардың кәсіби қызметі қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мен және еліміздегі азаматтардың құқықтарын қорғау мен байланысты екенін белгілеп, сонымен қатар өзінің кәсіптік деңгейін көтерудің, аға ұрпақтардың тәжірибесін үлгі етіп алудың қажеттігін айтып өтті.
Б.Б. Мукажанова тыңдаушыларға болашақ қызметтің қиыншылықтары туралы және қандай мәселелерді шешуге дайын болу екенін белгілеп, өзінің естеліктерімен бөлісті.

Сонымен қатар, кездесу барысында, алғашқы кәсіптік даярлық курсының тыңдаушыларын қол қойдырта отырып Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылдың 31 желтоқсандағы «Интернет, сонымен қатар әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және блог-платформаларда жұмыс істеу бойынша сұрақтары туралы» № 1122 бұйрығымен және Академия бастығы бекіткен 2020 жылдың 16 қаңтарындағы «Оқу топтарының жетекшілерін тағайындау туралы» № 16 бұйрығымен таныстыру жұмысы өткізілді.

Идеологиялық жұмыс
бөлімшесінің аға инспекторы
полиция капитаны
Д. Альжанова