АЛҒАШҚЫ КӘСІПТІК ДАЯРЛЫҚ КУРСЫНЫҢ ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА АКАДЕМИЯ ТАРИХЫМЕН ТАНЫСТЫРУ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ


ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының тарихымен таныстыру мақсатында, Академия мұражайында екі апталық таныстыру жұмысы басталды.
Таныстыру жұмысы барысында, Академия тыңдаушылары 1997 жылдың 16 шілдесінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың Қадірлі қонақтар кітабында қалдырған тарихи естелік жазуын көруге мүмкіндік алды.


Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың біздің оқу орнымызға келуі айтулы оқиға болып саналады. Сонымен қатар, тыңдаушыларға 1971 жылдан бастап оқу орнымыздың даму тарихы, оған еңбек сіңірген, оның даму жолындағы бірінші бастықтарының қызметі, оқу үдерісінің негізін салушы Қазақстан Республикасының ІІМ еңбегі сіңірген қызметкері Роднов Александр Михайловичтің және оқу орнымыздың дамуына ерекше атсалысқан ішкі қызмет генерал-майоры Талап Кабденовтың өмірбаяны жайлы таныстыру жұмысы өткізіліп, тыңдаушыларға жинақтап жүйелендірілген естелік фото-суреттер көрсетілді.

Академия мұражайында ерекше орынды мемлекет және қоғам қайраткері, ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, ҚазССР  Ішкі істер министрі генерал-лейтенант Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаевқа арналған экспозиция алады. Бұл экспозицияда Шырақбек Қабылбаевтың жеке куәліктері, құрмет грамоталары, атақтары және т.б. жеке заттары жинақталған.

Академия мұражайында атқарылған таныстыру жұмысы болашақ ішкі істер органдары қызметкерлерінің отансүйгіштік, рухани-адамгершілік және азаматтылық сезімдерін қалыптастырады.
Идеологиялық жұмыс бөлімшесінің аға инспекторы

полиция капитаны
Д. Альжанова және
жалпы заң пәндер кафедрасының аға оқытушысы
полиция майоры
А. Ақылбекова