Алғашқы кәсіптік даярлық курстарының тыңдаушыларына арналған экскурсия

Академия қабырғасында алғашқы кәсіптік даярлық курстарынан өту үшін республикамыздың әр облысынан келген 8 оқу тобының тыңдаушыларына Академия мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.
Академия мұражайында Академия тарихымен, экспозицияларымен және әйгілі генерал-лейтенант Шырақбек Қабылбаевтың өмірбаянымен және қызмет жолымен таныстырылып, шолу жасалды.
Мұражайдың ақпараттық материалдары мен кең көлемді экспозициялары еліміздің әр аймағынан келген алғашқы кәсіптік даярлық курстары тыңдаушыларының әрқайсысының үлкен қызығушылығын тудырды. Өз кезегінде, тыңдаушылар Академия қызметкерлеріне осындай ауқымды және мазмұнды экскурсия үшін зор алғыстарын білдірді.

8 оқу тобының кураторы
полиция капитаны
А. Мұрат