Академия қызметкерлері қала сыртындағы саяжайларды патрульдеуге шықты

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының жеке құрамы мен профессорлық – оқытушылық құрамы Қостанай облысы Полиция департаментінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 6697 әскери бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, қоғамдық тәртіпті күзету мақсатында тұрғындардың қала сыртындағы саяжайларын патрульдеуге  шықты. Төтенше жағдай кезінде қала тұрғындарына саяжайлардағы учаскелеріне баруға рұқсат берілгеннен бастап, қала тұрғындары саяжайларға лық толуда. Бүгінде міне, Академия қызметкерлері саяжайларға автокөліктермен келіп жатқан тұрғындардың рұқсат қағаздарын тексеріп, оларға төтенше жағдайдың ұзартылғандығын, мұнымен қоса режимді қатаң түрде сақтау қажеттігі жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, саяжай тұрғындарында өздерінің жеке куәліктері мен учаскелерінің тиісті құжаттары болуы қажет.
Қала сыртындағы саяжайларды патрульдеудің мақсаты – ең алдымен ұрлықты, бұзақылықты болдыртпау, сондай-ақ саяжайлардағы учаскелерді тәулік бойы қадағалау, тұрғындардың бетперде тағып, қолғап киюді ұмытпау қажеттілігін тексеру.
Төтенше жағдай басталғаннан бастап ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қызметкерлері басқа да ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірлесе отырып, халықтың тыныштығын күзетіп, қоғамдағы тәртіпсіздіктермен күресіп, қала тұрғындарына  барынша көмек көрсетуде.


Баспасөз қызметі