Академия қызметкерлері алқалы кеңеске қатысты

2021 жылдың 28 мамыры күні Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында «Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру тәжірибесі: мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыбында онлайн форматында дөңгелек үстел өтті. Жиынның модераторы Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе институты бастығының орынбасары, полиция полковнигі А.Б. Бексултанов болды. Кеңеске Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының оқу-әдістемелік орталығының бастығы, полиция майоры М.К. Смағұлов пен орталықтың аға оқытушы-әдіскері, полиция майоры А.М. Аетова қатысты. Дөңгелек үстелдің мақсаты — оқу үрдісінде қашықтықтан оқыту сапасын жетілдіру бойынша пікірлердің кең спектрін ашу, мәселелер мен оларды шешу жолдары. Қатысушылар қазіргі пандемия жағдайында ЖОО-да оқу процесін жоспарлауды ұйымдастыру мен қашықтықтан білім беруді, сонымен қатар қашықтықтан білім беру бағдарламаларының өзектілігі мен ЖОО оқу орындарында білім сапасын арттыру мәселелері жөнінде баяндамалар оқылып, өзара пікір алмасты. Шақырылған қонақтар осындай форматтағы дөңгелек үстелдің ұйымдастырылуы ЖОО арасында пікір алмасатын ашық алаң болғандығын атап өтті және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына өз алғыстарын білдірді.

Оқу-әдістемелік орталығы