Академия алғашқы кәсіби даярлықтың төртінші жиынына тыңдаушыларды қабылдады

Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарын жаңғыртуға байланысты ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында ішкі істер органдары үшін кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Осыған орай ағымдағы жылдың 28 қыркүйек айында ішкі істер органдарының қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын үміткерлер алғашқы кәсіби даярлықтың төртінші жиынына қабылданды. Қазақстанның барлық облыстарының Полиция департаменттерінің бөліністерінен Академияға 279 тыңдаушы алғашқы кәсіби даярлық курсын өтуге келді. Олар үш ай мерзім ішінде полиция қызметіне қажетті білімдерін алады.