Академияға арнайы бастапқы оқыту курстарын өту үшін ІІО тағылымдамашылары келді

 ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына облыстардың түкпір-түкпірінен 181 тағылымдамашы арнайы бастапқы оқыту курстарынан өтуге келді.
Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде Академия бастығы полиция полковнигі  Н.Биекенов, бастықтың орынбасарлары курстың басшылары акт залында тағылымдамашылармен кездесті. Кездесу барысында полиция қызметкерлерінің имиджін көтеру, жеке құрамның қоғамдық тәртібін сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы айтылды.
Оларға  16 қыркүйектен  бастап 11 желтоқсанға  дейінгі аралықта оқу ордамыздың профессорлық-оқытушылар құрамы дәрістер оқиды.   Тағылымдамашыларға 3 айлық курсты өткеннен  кейін, сертификат табыс етіледі.

Полиция қатарындағы
3 -курс курсанты
Г. Максетова