Академияда ІІО орта буын басшылық құрамымен оқу-әдістемелік жиын өткізілді

 

 

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында «Ішкі істер органдарындағы тәрбие жұмысының негіздері» тақырыбында ПД, ҚАЖД, ТЖД және АМКБ орта буын басшылық құрамымен үш күндік оқу-әдістемелік жиын өткізілді. Аталған жиынға Қостанай облысы ішкі істер органдары орта буын басшылық құрамы келді. Іс-шараның мақсаты – ішкі істер органдары қызметкерлерінің бойына қазақстандық патриоттық рухты сіңіру, күнделікті қоғамдық тәртіпті қырағы қадағалайтын, білімді де, кәсіби білікті маман, қоғамдық қарым-қатынаста сыпайы және қарапайым, халыққа полиция қызметкерін қорғанышы ретінде көрсете білетін, жаңа форматтағы полиция қызметкерін қалыптастыру.
Үш күндік оқу – әдістемелік жиынның алғашқы күнінде Қазақстан Республикасы ІІМ отставкадағы полиция полковнигі Б.Каженов, Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі А.Ынтықбаев, ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Н.Биекенов орта буын басшылық құрамына жаңа форматтағы полиция қызметкерінің қандай болуы қажеттілігі туралы айтты.
Іс-шара барысында ішкі істер органдарында тайм-менеджменттің негізі мен әдіс-тәсілдері, тәрбие жұмысының ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері, бірқатар ІІО қалыптастырудағы полиция туралы ҚР ІІМ бұйрықтарының талаптарына түсініктеме, ІІО басшыларының сөйлеу мәдениеті мен шешендік өнері туралы дәрістер оқылып, практикалық сабақтар өткізілді.

 

 

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасындағы ішкі істер органдарын жаңғырту шеңберінде ішкі істер органдарының қызметкерлерін отбасылық құндылық, ұлттық әдет-ғұрып, рухани-адамгершілік арқылы тәрбиелеу, ішкі істер органдарының бөліністерінде жұмыс тәжірибесімен алмасу туралы дәрістер мен сауалнамалар өткізілді.
Сонымен қатар, Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы SMART технологиясымен таныстырып, тренинг өткізді. Мақсаты – SMART технологиясы арқылы жетістікке тиімді жету, қойылған міндеттердің дағдыларын қалыптастыру. Тренингтің соңында, орта буын басшылық құрамы өздерінің ой-пікірлерін, сондай-ақ SMART технологиясының өз-өзін ұйымдастыру, ІІО бөліністерінің жеке құрамын басқарудағы практикалық негізде маңызының қажеттілігі туралы айтты.
Сондай-ақ, ұжымдағы басшының рөлі туралы психологиялық тренинг өткізілді. Мақсаты – команда да жұмыс дағдыларын, жобаларды қорғау кезіндегі сөйлеу дамуын қалыптастыру, пысықтау және басшының, көшбасшы ерекшеліктерінің қандай екендігін анықтау. Тренингтер арасында психологиялық ойындар өткізілді.
Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, адамгершілік және рухани құндылықтарды бағалау, өз халқының мәдени мұрасына деген сезімін оятып, жаңа форматтағы полиция қызметкерінің бейнесін көрсету мақсатында, Академияның магистранттары мен курсанттары Қостанай облысы ішкі істер органдарының орта буын басшылық құрамына шығармашылық кеш ұйымдастырды. Іс-шара аясында домбырашылар күмбірлете күй тартып, биші қыздар мың бұралып би биледі. Патриоттық тақырыптарда жырлар оқылып, өлеңдер шырқалып, барабаншы қыздар взводы мен карабиншілер өз өнерлерін көрсетті. Сахнаның көркіне айналған магистранттар мен курсанттарға басшылық құрамы жақсы тілектерін айтты.
Сондай-ақ, Академияның акт залында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылық 6697 ә/б басшылығы «Жауынгерлік қызмет үздіктерін ұлықтау» іс-шарасын өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты — өзара тәжірибе алмасу, сонымен қатар Отанды қорғауға деген жауапкершілікті арттыру, борышты адал атқаруға баулу, еліміздің қоғамдық тәртібін қырағыдай күзету, дер кезінде тәртіп бұзушылықтың алдын алу. Аталған кештің құрметті қонақтары: 2019 жылғы 2 тоқсандағы қорытынды бойынша команирлердің арасынан үздік шыққан 2 — жеке атқыштар ротасының 4-взвод командирі лейтенант Д.Д.Мурзабеков, үздік әскери наряд бастығы лейтенант М.К.Борамбаев, 1-атқыштар ротасының қарауыл бастығы лауазымында қызмет атқарған, қазіргі таңда запастағы старшина Ж.М. Садиров отбасылары болды.
Ұлттық ұланның үздік жауынгерлері 6697 әскери бөлімінің дипломымен, қызметін адал атқарып, еліміздің бейбітшілігіне, қоғамдық тәртіпті күзетуге белсенді атсалысқандары үшін, Қостанай облысы Полиция департаментінің, Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Үш күндік оқу-әдістемелік жиынның соңғы күнінде, орта буын басшылық құрамына сертификаттар мен үгіт-насихат жұмыстары жинақталған материалдар, жобалар, курсанттардың шығармашылығы мен оқу ордамызда өткізілген іс-шаралар толы мақалалар жинағы жиналған жалпыакадемиялық «Академия: міндет, абырой, ерлік!» журналдары табыс етілді. Орта буын басшылық құрамы ҚР ІІМ, ПД, ҚАЖД, ТЖД және АМКБ, Академия басшылығына, профессорлық-оқытушылық құрамына өз алғыстарын білдірді.
Осындай керемет үш күндік оқу-әдістемелік жиында өткізілген дәрістер мен іс-шаралар алдағы уақытта қызметтеріңізге және бағынысты қызметкерлерге тәлім-тәрбие беруде, жас тәртіп сақшыларын жаңа форматтағы полиция қызметкері болуына көп көмегін тигізеді деп ойлаймын.
Баспасөз қызметі