Академияда Тәуелсіздік мерекесі тойлануда……

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихында ерен еңбегімен елінің есінде қалған, жерінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһарман азаматтардың бірі желтоқсан оқиғасына қатысқан, Қайрат Рысқұлбеков: «Бұл дүниедегі ең зор бақыт – еркіндік. Адамның бостандықтағы бір күні, қапастағы бар ғұмырдан әлдеқайда қымбат», дегендей, бүгінгі күнімізге шүкіршілік етіп, азаттығымызды бағалап, қандай қиын жолдарды өткеріп  келгенімізді түсіне білуіміз қажет. Бүгінгі ұрпақ үшін бұл ерекше ұлы күн.

Жылдар бойы елдікті аңсап еркіндікті сүйіп өткен, еліміз Тәуелсіздік алып, өзінің көк байрағын желбіреткен күнімізге 28 жыл болды. Осы уақыттар ішінде еліміз талай жетістіктерге жетті.
Бұл 16 желтоқсан Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күні мерекесі. Аталған мереке қарсаңында, ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында салтанатты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды.

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Ербол Каппасов оқу ордамыздың құрметті ардагерлерін, профессорлық — оқытушылық құрамын, жеке құрамды, магистранттар мен курсанттарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Мерекеге арналған бейне ролик көрсетілді. Аталған іс-шара барысында жас қызметкерлерді қазақстандық патриоттық рухта, Отанын мақтан тұту, азаматтық сезімдерін қалыптастыру бағытында тәлім-тәрбие беруде зор үлес қосқандары үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері қазақстандық  кеңесінің  төралқа қаулысы бойынша оқу ордамыздың ардагерлері құрмет грамотасымен марапатталды.  Сонымен қатар қызметтік міндеттерін адал орындап,  қол жеткізген жетістіктері үшін бірқатар қызметкерлер құрмет грамотасы,  грамота, алғыс хаттармен марапатталды.
Қуанышты мерекелі күнмен барша қауымды Қостанай қалалық «МИРАС» мәдениет сарайының әншілері және халықаралық, республикалық сайыстардың жүлдегерлері «Тарлан» би ансамблі бишілерінің билеуімен мерекелік шара керемет қуанышқа оранды.
Кең байтақ еліміздің береке-бірлігін, туған жеріміздің мақтанышы болып келетін, патриотты мерекеміз құтты болсын! Әрқашан рухымыз биік болып,  еліміз гүлденіп, көркейе берсін. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!

Баспасөз қызметі