Академияда келелі кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 25 қазанында Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының жеке құрамы, профессорлық-оқытушылық құрамы мен күндізгі оқыту факультетінің курсанттары  Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қостанай облысы  бойынша Департамент басшысы Қуаныш Бекбасовпен және  Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қостанай облысы  бойынша Департаменті басшысының орынбасары Данияр Смагуловпен кездесті.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және  жастар арасында адалдық қағидасын қалыптастыру кездесудің басты тақырыбы болды.
ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі Ербол Каппасов оқу ордасына келген қонақтар мен қатысушыларды таныстырып, алғашқы сөз кезегін Қуаныш Бекбасовқа берді. Қуаныш Бекбасов Қостанай академиясының түлегі болып табылады екен. Осы оқу ордасында білім мен тәрбие алғанына өзінің ризашылығын білдіріп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың: «Заңды бұзған екенсің, оның баптарына сәйкес жауапқа тартыласың» дейтін нақты ереже бар. Олай болмаған күнде біз кеңестік кездегі «заң қалай бұрсаң, солай бұралатын тәртенің» керін қайталайтын боламыз», — деп көрсеткен, сөзімен бастады. Яғни, сыбайлас жемқорлықты болдыртпау үшін барлығымыз бір  адамдай сыбайлас жемқорықпен күресіп,  заңдарда көрсетілген талаптарды әділ де орынды орындап, қызметімізде қызметтік міндеттерімізді әрқашан да адал атқарып, халықтың қамын ойлап, оларды қабылдап, өтініштеріне көңіл аударып, көмек берсек, сыбайлас жемқорлыққа жол бермейміз. Сонымен қатар 2019 жылдың 6 ай бойы сыбайлас жемқорлықты болдыртпау іс-шараларын өткізу барысында анықталған пара алу, қылымыстық жауапкершілікке тартылғандар, оның ішінде ішкі істер органдарының қызметкерлерінің, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының көрсеткіштерімен таныстырды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты болдыртпау аясында «Өзіңнен баста» акциясы өткізілді. Осы акция  барысында жастар арасында дөңгелек үстелдер мен  әртүрлі бағыттағы іс-шаралар өткізілді. Сөз соңында, кездесуге қатысып отырған қатысушыларға  айтарым, ата-бабамыз «Туған жерге туыңды тік» деген нақыл сөз бар, яғни туған жерімізді  сүйіп қана қоймай, оның одан әрі жан-жақты өркендеуіне ат салысуымыз керек. Сіздер халықтың  тыныштығы мен қоғамның тәртібін қорғайтын ішкі істер органының болашақ қызметкерісіздер. Әрқашан Отанымызға  адал да таза қызмет атқару қажет.
Келесі сөз кезегі, Данияр Смагуловке берілді. Данияр Смагулов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу қағидаттарына, адалдық алаңына, оның мақсаттары мен міндеттеріне тоқталып, сонымен қатар бейнеролик арқылы   екі және үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлықтың әсерінен болған шығындарды, Қостанай облысы бойынша қаншама қызметкерлердің сотталғандары туралы айтып кетті. ІІО жаңғырту жөніндегі жоспар барысында атқарылған  іс-шараларға тоқталды. Сонымен қатар құқық қорғау қызметін сандық жүйеге көшіру, қызметкерлердің адалдығын тексеру және  бірқатар мысалдар келтіре отырып сөз сөйледі. Кездесу барысында профессорлық-оқытушылық құрам бірқатар сұрақтарын қойды.
Сөз соңында, Данияр Смагулов курсанттарға қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, әртүрлі теріс жағдайлардан бас тартып, тек қана адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, адал болып, бір-бірлеріңді сыйлап, сыбайлас жемқорлықпен бірге күресуіміз керектігін айтты. Қазіргі таңда ішкі істер органдарының қызметкерлері қызмет атқару барысында жандарын аямай, ержүректілік, батырлық танытып өз өмірлерін қиюда. Яғни, болашақ тәртіп сақшыларының бойында тек қана   қызметтік бо­рышына берік, антына адал, инабатты, спортпен шұғылданатын, кәсіби білікті маман болуы қажет. Осы қасиеттердің барлығы полиция қызметкерінде болса, қарапайым халық алдында құрметке бөленіп, нағыз Отанын қорғайтын білімді де, парасатты қызметкер болады.

Баспасөз қызметі