Айтыс – ғасырлар жемісі, ұлттық құндылық

Айтыс  — қазақ халқының әдеби мол мұрасы, ұлттық құндылығымыз. Осы ұлттық құндылықты өз көздерімен көріп, көзайым болу үшін 2019 жылдың    26 қыркүйегінде ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Костанай академиясының  2 курс 208 — оқу тобының курсанттары, өздерінің кураторларымен бірге Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына арналған «Бейімбеттің биігі» атты республикалық ақындар айтысын тамашалап қайтты.
«Қазақстан» телеарнасының қолдауымен Жастар сарайында өткен бұл республикалық іс-шараға еліміздің түпкір-түпкірінен келген айтыскер ақындар сөз жарыстырды.

Бұл айтыс курсанттар үшін естен кетпестей болды. Айтыскер ақындардың сөз саптауы тыңдаушылардың делебесін қоздырып, шабыт сыйлады. Осы Республикалық іс-шара Академия курсанттарынның рухани байлығын қазақ халқының сөз өнерімен тағы да сусындатты.
208-оқу тобының кураторы
полиция лейтенанты
С. Ержанова